Менің сүйікті кітабым
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандар арасында «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу сайысы 2-4 сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Әр сыныптан бір білім алушыдан қатысты.
- Асқар Әдия - 2 «А» сынып
- Саматқызы Еркежан - 2 «Ә» сынып
- Асқар Меруерт - 3 «А» сынып
- Жексенбі Айзере - 3 «Ә» сынып
- Мақаш Еркежан - 4 «А» сынып
- Жакенова Амина – 4 «Ә» сынып
Әрқайсысы өзі оқыған ертегі кітаптары туралы айтып берді. Сол айтылған кітаптардың барлығын оқыған білім алушы жеңімпаз атанды. «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу сайысының жеңімпазы Саматқызы Еркежан мақтау қағазына ие болды. Қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталды.
Мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу.Кітапханаға оқырмандарды тарту.