13
март
2023
"Кітап оқитын мектеп"
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске аясында жылдық жоспарға сәйкес «Кітап оқитын мектеп» атты облыстық онлайн байқауының мектеп ішілік бірінші кезеңі ұйымдастырылды.Байқау «Оқу – табысқа апарар жол!» ұранымен 4 номинация бойынша өткізілді.
- «Менің сүйікті кітабым» атты бейнеролик. Оқырманның өзін-өзі таныстыруы.
- «Мен жастарға сенемін» М. Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу.
- « Сөз маржанын терейік...» Жасырынған мақал-мәтелдерді табу.
- «Ізден, талаптан, оқырман!» тақырыбында «Суретке қарап кітапты тап» ойыны. Ұсынылған суреттерден кітаптың атын, авторын, кейіпкерін табу.
Байқау жеңімпазы 9 «Ә» сынып білім алушысы Омар Айдана аудандық екінші кезеңге жолдама алды.
Мақсаты: Кітапхана оқырмандарын кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту және рухани дамуына ықпал ету. Оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту.