«Үздік оқырман отбасы»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» атты облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылды. Байқауға білім алушылар мен ата – аналар қатысты.Байқау шарты бойынша берілген кітаптардың ішінен біреуін таңдап оқып, отбасы мүшелерімен бірге оқыған кітапты талдағанын бейнеролик мазмұнында көрсете алуы, шығарма идеясының мазмұнын түсіндіріп, өздері оқыған шығарманы өзгелерге де насихаттай алуы қажет болатын. Мектепішілік байқаудың жеңімпазы 9- сынып білім алушысы Есберген Аруна отбасымен аудандық екінші кезеңіне жолдама алды.
Мақсаты: Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, кітапты таңдау, оны оқып баланың жүрегіне жеткізуде ата- ананың рөлін, ата-ана мен бала арасындағы кітап жайлы көзқарастарын білу. Кітапханаға оқырмандарды тарту.