«Кітапханаға кітап сыйла»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» атты кітапханаға ерікті түрде кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды. Акцияға білім алушылар белсене қатысты. Нәтижесінде мектеп кітапханасына 14 кітап сыйға берілді. Олар Нұрбек Нұржанның «Тәнсіз гүлдер» кітабы 9 дана, А.Күзембайұлы «История Республики Казахстан», Жандарбек Бұлғақ «SOZ менеджменті», Аманкелді Карентаев «Дінмұхамед Қонаев және әулиеата өңірі», Ырысбек Дәбей «Қоңыз» және Сейілбек Мырзабай «Балалықтан даналыққа» кітаптары. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. « Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап –білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі -өнеге аламыз.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуды насихаттау,балалардың сөздік қорын молайту. Кітапханаға оқырмандарды тарту.