Жақсы кітап- жан азығы
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Шаңырақ» жобасы аясында «Жақсы кітап- жан азығы» көрмесі «Буккроссинг, оқы және өзгеге сыйла» атты кітапатың айналымда жүруі акциясы ұйымдастырылды. Кітапханашы білім алушыларды акцияның ережесі мен мақсатымен таныстырды. Акцияға 4-9 сынып білім алушылары қатысты. Барлық білім алушылар акцияға белсене атсалысты. «Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті- білімді ұрпақ екені анық. Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге адаспай тауып жете аламыз» деген ұранмен сынып білім алушылары өздері оқыған кітаптарын насихаттап, кітаптың сөреде жатып қалмай қолдан- қолға өтіп оқылуына ықпал етті. Жарнамалап келесі білім алушыға ұсынды. Білім алушылар өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға шақыра отырып, өздері оқыған кітаптарын насихаттау. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуды насихаттау,балалардың сөздік қорын молайту. Оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау. Кітапханаға оқырмандарды тарту.