«Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары»
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде 27 қаңтар күні 10 А сынып білім алушыларымен химия пәнінің мұғалімі Исмайлова Р.Т. «Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары» ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі сабақ беру кезінде әдіс- тәсілдерді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірді. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. Білімалушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғызды, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады. Сабақ жоспары толық орындалды «Миға шабуыл», «Ой толғаныс», «Ой қозғау», пиза тапсырмалары беріліп, вертуалды лабаратория жасалынды, білімалушылар өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.