27
январь
2023
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық,көз жетпейтін мұнарасы тым биік"
Ә.Хасенов атындағы №11ЖОББМ қаңтар айының 16.01-16.02 күндері аралығында "Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық,көз жетпейтін мұнарасы тым биік" тақырыбында химия, биология, және география пән бірлестігінің айлық іс-шаралар жоспары құрылып, 26.01.2023 жылы 9 "Ә" сынып білім алушыларымен география пәнінің мұғалімі Шоненова Г.А "Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары,Қазақтың табиғи харонимдері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Пән мұғалімі өз сабағында оқытудың озық инновациялық әдістерін қолдана отырып,оқушыға жеке қолдау көрсетуде,оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, саралау тапсырмалары берілді.Сонымен қатар сабақта "Кинометафора" әдісі, "Түртіп алу" "Бірауыз сөз", Галереяға саяхат", "Лото"әдісі, "Картошка фри" әдістері қолданылып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын көтеруде АКТ мен жұмыс жүргізілді,оқушыларға жеке, топпен, жұппен тапсырмалар беріліп болашақтағы білімге деген қызығушылығын арттырды.