«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік»
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ қаңтар айының 16.01 – 16.02 күндер аралығындағы «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбындағы химия, биология және география пән бірлестігінің айлық іс – шара жоспарына сай 26.01.2023 ж.
9 «А» сынып білім алушыларымен биология пәнінің мұғалімі Джумагулова Б.О. жетекшілігімен «Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысының принципі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Пән мұғалімі өз сабағында оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді қолдана отырып білім алушыларды білімге терең бойлатып, тақырыпты өмірмен ұштастыра отырып қызығушылықтарын арттырды.
Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім алушы үшін үлкен көмек болып қала бермек деген ұғымның дәлеліне көз жеткіздік.
JigsawPlanet, Learningapps сервистері, «Бес қадам», «Пазл», «Сағат дос», «Тик ток» әдістері тиімді қолданылып сабақтың мақсатына жетуге қол жеткізді.