30
ноябрь
2022
«Ө әріпі мен дыбысы» тақырыбында ашық сабақ
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде 30.11.2022ж бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына сай 1 «Ә» сынып жетекшісі Г.Т.Тотенова әліппе пәнінен «Ө әріпі мен дыбысы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: Өө дыбысы мен әрпін таныстыру, үйрету. Сабақ барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай «Қолшатыр», «Пазл құрастыру», «Маймылды тамақтандыру», әдістері пайдаланды. Сабақты қорыта келе «Ия, жоқ» ойыны бойынша Өө дыбысы мен әрпімен танысып,сөздерді буындап оқу,тұтас оқу,мәнерлеп оқу,түсініп оқуға үйренді. Сабақ соңында оқушылар «»Тик-ток» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерімен сабақ ұнады, айтарым бар,достарыммен бөлісемін,есіме сақтап алдым деп пікірлерін білдірді.