«Балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу»
2022 жылдың қыркүйек айында мектеп психологы: «Балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу» атты тақырыпта ата-аналарға кеңес беру жұмысын жүргізді.
Мақсаты: ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне кеңес беру.
Қатысқандар: жалпы 1-11 сынып ата аналары
Барлығы: 68 ата ана
Нәтижесінде:. Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары. Әлемдегі барлық ата аналар өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған ата аналардың басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтеріледі. Жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте әсте қолға алуымыз қажет. Әйтсе де әрбір ата-ананың да өз кезегінде бала тәрбиесіне ат салысуы, қарап жатпауы маңызды мәселе. Баста үлкен қалалардан бастап айналамыз тыныш емес. Яғни сыртқы әлем қауіптерге толы. Бейнелі, баспалы ақпарат құралдарының басым бөлігі зорлық зомбылық және жыныстық тақырыптарға көбірек бағытталған... Адами қасиет, әдептілік, ұяттылық сезімдерді жоятын, әр түрлі жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқаны үшін көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары бар. Бүкіл ата-аналардың ортақ дерті балаларын жақсылап жетілдіру. Балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек. Оларға дінін, отанын, байрағын жақсы көргізетін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін, құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек. Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада, жақсы адамдармен көрші болу керек. Барлық нәрсе терісімен, қарама-қайшылығымен қайтарылады. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Сол себепті өзімізді қинап болса да жақсы амалдар істеуге дағдыландыруымыз керек, бұларды әдетке айналдыруымыз керек. Бала әрекеттері және мінезі жақсы адамдармен дос болса, жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады. Ата-аналарға баланы ешқашан қадағалаусыз қалдырмай, шамадан тыс сын айтпауға тырысып, жас ерекшелігіне сай тәрбиелеу керектігі айтылып өтті. Бала тәрбиесінде ерекше назар аударуы туралы да кеңес берілді.