ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС-тің ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС-тің ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМА
Ә.Хасенов атындағы № 11 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылы мамыр айның 20 жұлдызында №11 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Отырысқа 26 адам қатысты. Олар: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Тулеков және мүшелері, мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы М.А.Конырбаева, ДОІЖО-Б.О.Жумагулов, әлеуметтік педагог Ж.Тотенова, ата-аналар комитетінің төрайымдары Кезектен тыс отырыста мектептің директорының уақытша міндетін атқарушы кеңес алдында өз есебін берді. Сондай –ақ балалардың өмір қауыпсіздігін, соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші,сыныптан сыныпқа көшу, жазғы демалыс, тау бөктеріндегі «Жұлдыз» сауықтыру легерге баратын оқушылар туралы, ешқандай қаражат жиналмайтыны туралы айтылды.