13
апрель
2021
Мен зерттеуге үйренемін
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.04.2021ж күні 3-4 бастауыш сынып білім алушылары арасында «Мен зерттеуге үйренемін» атты мектепішілік балғын зерттеушілер байқауы өткізілді. «Мен зерттеуге үйренемін» байқауын өткізудегі мақсат: Оқушылардың зерттеу және оқу танымдық жұмыстарын ынталандыру. Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді анықтау және оларға қолдау көрсету. Байқауға қатысқан білім алушылардың жұмыстары сараланып, мектеп директорының мадақтама қағаздарымен марапатталды. Аудандық жарысқа 4 «А» сынып білім алушысы Несіпхан Нұрымның жұмысы ұсынылды, жетекшісі: Кенжебекова Айткүл. Жас балғын зерттеушілерімізге алдағы уақытта сәттілік тілейміз.