«Күнделік KZ» электронды журналын жүргізу және толтыру
Математика, информатика, физика пән бірлестігінің айлығының жоспарына сай ақпан айының 20-сы күні директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калмаханбетова Э.Ж. «Күнделік KZ» электронды журналын жүргізу және толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп мұғалімдерімен семинар-практикум өткізді. Семинар-практикум барысында электронды журналға қатысты сұрақтар, атап айтқанда, сабақтың тақырыбы мен үй жұмысының толтырылуы, бағалардың қойылуы, өткізілген сабақтың белгіленуі, мерекелік күндердің енгізілуі, туралы сұрақтар талқыланды. Мұғалімдердің журналды уақытында толтыру мониторингі, ата-ана мен білім алушылардың күнделікке кіру белсенділігінің мониторингі шығарылды. Күнделік толтыру барысында кездескен кедергілер, кеткен кемшіліктер ортаға салынып, алдағы уақытта күнделікпен жүргізілетін жұмысты жандандыру мақсатында қатысушылардың барлығы өз ой-пікірлерімен бөлісті.