Мамандық таңдау-адам баласының таңдау еркіндігіне негізделген ең улкен-жауапкершілік
Мамандық таңдау-адам баласының таңдау еркіндігіне негізделген ең улкен-жауапкершілік
Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі базасында "Мамандық таңдаудағы ата-ананың ықпалы" тақырыбында кәсіптік бағдарлаушы мамандарына арналған семинар-практикум өткізілді. Аймақтық іс- шараға №2,11,13,6,15 мектептің ата -аналары білім алушылары қатысты.Мамандық таңдаудағы ,ата -ана тарапынан қандай қолдау қажет екендігін,кәсіпті дұрыс таңдау үшін,арнайы кәсіпкерлермен ""Ашық алаң"ток шоуында ақпараттар алды.Мамандық құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту мақсатында қателікке бой алдырмауы және елімізде сұранысқа ие мамандықтарды толық игеріп, жетік мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикумға Бүгінгі күні жомарт түлек , беделді азаматтары келіп, өз кәсіптерінің қыр -сырымен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Муратбекқызы, "Акермен-Бірлік"ауылшарушылығының өндірістік кооперативінің басшысы Бөршеков Ербол Жолдыбайұлы, жеке кәсіпкерлер Чингисбаева Лемара Тлеубердиевна , Садыкова Несіпкул Каленовна,№9 Меркі колледжінің директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Избасаров Дихан Тоқташбайұлы,"Аспара су қоймасының иесі" Мамедалі Айдос Болатұлы.Семинар-практикум барысында ата аналармен білім алушыларға жарқын болашақтың кепілі-жаныңа жақын мамандық таңдау.Бугіннен бастап өз қабілеттеріңізбен шеберліктеріңізді дамытыңыздар, "Еңбек -бұл ырыстың бұлағы,бақыттың шырағы" -деп бекер айтпағандығын ерекше айтып өтті.Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Мұратбекқызы семинарға жақсы пікір білдіре отырып,алдағы уакытта мамандық таңдауда жаксы бағыт бағдар берілетіндігі туралы ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасайтындығын ерекше айтып өтті .
Ұйымдастырушылар:Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ ұжымның әкімшілігі ,педагогтары