16
февраль
2023
«Әлемнің ғажайып үш тірегі»
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, дамудың керемет жобаларын жүзеге асып отырған кезеңде білім алушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары болып отыр. Білім алушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты-пәндік айлық болып саналады. Математика, информатика және физика пән бірлестігі айлығының жоспары әдістемелік пән бірлестігінің отырысында қаралып, талданды және бекітілді.
Айлықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен танм белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Жоспарға сай 2023 жылдың 16-ақпанында «Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында математика, информатика, физика пән бірлестігінің айлығының ашылуы салтанаты өткізілді.
1-ші және 2-ші айналымда бірлестік мүшелері мұғалімдер мен білім алушыларды ерекше көңіл-күймен, «Жас техник» үйірмесінің мүшелері өздері құрастырған роботтармен күтіп алды. Мұғалімдер мен білім алушылар "Сиқырлы алаң" арқылы математика, информатика, физика пәндері бойынша логикалық, қызықты сұрақтарға жауап берді. 8-сынып білім алушылары роботтар алаңында роботтармен әр түрлі іс-әрекеттер орындатса, 11- сынып білім алушылары физика пәні бойынша әр түрлі денелермен тәжірибелер жасап, көпшіліктің физика пәніне деген қызығушылықтарын арттырды. Математикалық білімін шыңдап, компьютерлік сауаттылығын арттырып, табиғат сырын терең ұғыну мақсатында білім алушыларды айлық барысында өткізілетін іс-шараларға белсене ат салысуға шақырамыз! Математика , физика , информатика пән бірлестігі