«Ақпараттық сауаттылық» зияткерлік сайысын өткізді.
Ә. Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде «БАЛАЛАР -ИНТЕРНЕТ -МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК» балалар балалар ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру бойынша 14.11.2023 ж. 7-10 сынып білім алушылары арасында ақпараттық сауаттылық, интернеттегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында биология пәнінің мұғалімі Джумагулова Б.О. жетекшілігімен «Ақпараттық сауаттылық» зияткерлік сайысын өткізді.
Сайыс барысында топтар әр салада қойылған сұрақтарға жауап беріп, атап айтсақ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, АТЫҢ КІМ?, ЖАНУАРТАНУ, ЗООБАҚ, ГАДЖЕТТЕР, ПОЛИГЛОТ, СПОРТ, АС БОЛСЫН, ГЕОГРАФИЯ, ҚАЛАЛАР, ТҰЛҒА, ДӘСТҮР, ҒЫЛЫМ, КӨЛІКТЕР, «ЛОГИКАЛЫҚ» сұрақтар, «ӘЗІЛ» сұрақтар, «БЛИЦ» сұрақтар және «ПАНТОМИМО» бөлімдері бойынша білімдерімен сынасып, белсене қатысты.
Сайыс соңында ұпай сандары есептеліп, 7-10 сынып оқушылары арасында 10 «А» сынып білім алушыларынан құралған топ бас жүлдені иеленді. 9 «Ә» сынып білім алушыларынан құралған топ басым түсіп бірінші орынды иеленді, небәрі үш ұпайға кем түскен 9 "А" сынып білім алушылар тобы екінші орынды иеленді. 7,8 сынып білім алушылары жүлделі үшінші орындарды иеленді.
Сайыс қорытындысы бойынша оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етіліп, мақтау қағазымен марапатталды.