"Тәуелсіздік- тарих көзімен"
"Тәуелсіздік- тарих көзімен"
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында тарих пәнінің педагогтары Солтанаева Бұлбул Қойшыбайқызы мен Карлығаш Балтабайқызы
ның ұйымдастыруы
мен 8-9 сыныптар арасында "Тәуелсіздік сұңқарлары"атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты:
Жас ұрпақтың Тәуелсіздік жолындағы тарихи белестеріміздің құндылығын бағалай білуге бағыттау.Тәуелсіздік шежірелері туралы мағлұматтармен таныстыру. Патриоттық сезім қалыптастыру. Сайыска 8-сынып окушыларынан құрылған "Тәуелсіздік жастары" тобымен 9-сынып білім алушыларынан құрылған "Тәуелсіздік жұлдыздары"
тобы қатысты.Сайыс барысында оқушылардың тапқырлығы,сөз саптауы,тіл байлықтары ерекше бағаланып отырды. Сайысқа өз төреліктерін айткан қазылар алқасы жас жеткіншектеріміздің білімімен тапқырлығын бағалап өздерінің төреліктерін шынайы түрде жүзеге асырды.Сайыс қорытындысы бойынша барлық кезеңдерден сүрінбей өткен 8-сынып білім алушыларынан құралған "Тәуелсіздік жастары" (Шілдебай А,Жетпіс М,Махаш Н,Әшімбек Д)тобы жүлделі 1-орынды жеңіп алса,9-сынып окушыларынан құрылған "Тәуелсіздік жұлдыздары"тобы (Несіпхан Е,Есберген А,Аманжол А,Сағымқұл С) 2-орынмен марапатталды.
Сайыс барысын ерекше деп танылған 8 ә сынып білім алушысы Махаш Несібелі-үздік ойыншы номинациясын жеңіп алды.