«Мен ғажайыппын!» тақырыбында тренинг өткізілді.
«Мен ғажайыппын!» тақырыбында тренинг өткізілді.
«Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ- де мектеп психологы Ж. Мухамеджанова 2024 жылдың 03 желтоқсан күні 11 сынып білім алушылармен аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу бойынша жұмыс алгоритмінің жоспарына сай мектеп түлектерінің өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, емтихан алдында бойларына сенімділік орнату және позитивті ойлауды қалыптастыру мақсатында «Мен ғажайыппын!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг «Сағат бойынша достар» жаттығуымен басталып, көтеріңкі көңіл-күймен жалғасты. Тренинг барысында оқушылар қиялдарына ерік беріп «Өз - өзіңді мақтау сөз» тақырыбындағы жаттығуды аяқтап, өз болашақтарын «Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы арқылы суреттей алды. Тренинг соңында қатысушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін «Үш тіліек » жаттығуы арқылы жеткізіп, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. «Егер ұша алмасаң, жүгір. Жүгіре алмасаң, жүр, жүре алмасаң еңбекте!» деген ұранымен мектеп түлектеріне тек Ақ жол тілейміз!