«ҰБТ-ге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау жолдары!»
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі айлығының барысында 2024 жылдың 5 cәуір күні «ҰБТ-ге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау жолдары!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: емтиханға қатысу кезеңінде мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын даярлау..Психоэмоционалдық қобалжудан босанудың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қолданылған көрнекіліктері: Қағаздар, қалам.
Тренингтің барысында амандасу кезенімен бастадым, онда балалар араласып шеңберге тұрады да бір –біріне жымия қарайды.
Бұндағы мақсатым: қатысушылардыңүрей деңгейлерін төмендету. Келесі тренинг – ережелерін еске түсірдік
Қатысушылардың позитивті көңіл – күйін көтеру мақсатына «мнене қайтала» биін өткізіп сезімдерімен бөлісті. Келесі тапсырма бойынша «Дыбыс энергиясы» жаттығуын, дөнгеленіп,құшақтасып тұрып ,хи-ха-хо буындарды айту арқылы өткіздік. Стресс кезеңіінде өз-өзіне сенімділігін қалыптастыру мақсатында «Жарайсың!», « Хош бол, қобалжу! жаттығуылары өткізілді.
Келесі «Өмір шыңына саяхат» психологиялық ойын өткізілді, оның нәтижесі бойынша екі қасиеттен қалды, олар көмекке келетін оқушылар, кей оқушыларда үш қасиеттен қалды олар көмекке келмейтін оқушыларда. Жалпы бойындағы жақсы қасиеттерің ойланып –ойланып берді.
ҰБТ де қобалжудан арылу үшін ұсыныстар мен таныстыра отыра емтиханға бір күн қалғандағы өткізу күннің ережесімен таныстырдым. (Тыныс алу жаттығулары, бір күн алдындағы дайындық, тест басталар алдыңдағы дайындық)
Соңғы «қолға хат» жаттығуын орындадық.
