"Мұғалім бейнесі"
Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-30 қараша оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту айлығының барысында 2022 жылдың 21 қараша күні «Мұғалім бейнесі» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Қатысушылар: мұғалімдер - 20
Жауапты : мектеп психологы Ж.Б. Мухамеджанова
Барысы: Мұғалімдерге психологиялық ережесімен таныстырылды. Сәлемдесу жаттығуы жүргізілді. Мұғалімдер шеңберге тұрып, бір –бірлерімен амандасты. «Өзіндік таңдау» жаттығуында қатысушылар орындарына жайғасып, бір –бірден берілген сөйлемді өз ойынша аяқтады. Менің ойымша мен, Өзгелер мені, Мен келешекте, «Ырғақты тоқтату» жаттығуында қатысушылар арасынан бір мұғалім рөлінде ойнайды, қалғандары тәртіпсіз оқушылар 5 минутта сыныпты тыныштандыру қажет болып табылды. Қатысушылардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісті.
«Жасырын хат, ойлан тап!» жаттығуында мұғалімдер 3 топқа бөлінді. Жасырын хат оқылды. Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасты. Келесі тптың мұғалімдері, суретте берілген сөздері анықтап тапты.
«Түрлі түсті шарлар-аяқталмаған сөздер» жаттығуында қатысушылар шеңберге тұрып, нұсқаулықты тыңдайды. Бір айдың ішінде егер де сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл шарды алып, «Жұмыста мені соңғы кезде мені ренжіткен..» қызыл шарды алып сөйлемді аяқтады.
Психологиялық жаттығулар соңында не ұнады? Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Бүгінгі психологиялық жаттығулар туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдірді, тілектерін айтты.