«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 12 желтоқсан күні «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбындағы онкүндік жоспарының аясында 9 сынып білім алушыларымен «Жетістікке жету өз қолыңда!» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.
Іс - шараның барысы: Оқушылар шеңберге тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды және өзінің атының қандай мағына беретінін айтады. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Келесі жаттығуда оқушыларға ұсынылған метафораларды сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің жетістікке жету әдісін айтады. «Жетістіке жетудің жолдары» жаттығуында қуаттандыру сөздері айтылады.Сонымен қатар сергіту жаттығулары жүргізілді.
Қорытынды: Оқушылар өтілген жаттығулардан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің ой пікірлерін ортаға салып отырды. Тренингтің барысында оқушылар өз алдарына қойған мақсаттарымен бөлісіп, соған жету жолында еңбектену керек екендігін түсінді.