«Жетістікке жету өз қолында!»
Ақпан айы- психологиялық кеңес беру айлығының барысында
«Жас Ұлан» ұйымымымен «Жетістікке жету өз қолында!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.
Контингент: 8 сыныптар
Жүру барысы: «Шеңбердегі лента», «Өрмекші торы», «Тимбилдинг» жаттығулары жүргізілді. «Жетістік формуласы» жаттығуында білім алушылар сұрақтарға жауап бере отырып өзінің жетістікке жету әдісін айтады. Сонымен қатар сергіту жаттығулары жүргізілді.
Қорытынды: Оқушылар өтілген жаттығулардан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің ой пікірлерін ортаға салып отырды. Тренингтің барысында оқушылар өз алдарына қойған мақсаттарымен бөлісіп, соған жету жолында еңбектену керек екендігін түсінді.