«Кедергілерден бірге өтейік!» тақырыбында тренинг өткізді.
Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 ақпанында «Әр бала - жарық жұлдыз!» атты психологиялық айлықтың барысында мектеп педагог-психологтары Олжабаева Н.Б, Мухамеджанова Ж.Б. мұғалімдерге «Кедергілерден бірге өтейік!» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: педагогтардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау, психоэмоционалды күйлерді реттеу дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық қызметте эмоционалды күйіп қалудың алдын алу.
Психологтар ұсынған жаттығуларды мұғалімдер қызығушылықпен орындап, тапсырмаларға белсенділік, шығармашылық таныта отырып қарады, позитивті болды. Тренинг барысында мұғалімдер тобында ынтымақтастық атмосферасын құру, эмоционалды күйіп кетудің алдын алу, өзіне деген сенімділікті арттыру міндеттері шешілді.