"Отбасы жылулық ұясы" бастауыш сынып ата - аналарымен жиналыс ұйымдастырылды.
Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 20 ақпанында "Отбасы жылулық ұясы" тақырыбында бастауыш сынып ата - аналарымен жиналыс ұйымдастырылды. Отбасы- адам өмірінің тамаша жақтарының жүзеге асатын ... адамның ең басты шаттығы болып саналатын , балалардың өсіп,өмір сүретін орны. Ата- ана мен бала, ұстаз арасындағы қарым- қатынасты, сыйластықты жақсарту, өз отбасының құндылықтарын білу, түсіну,құрметтеуге жағдай жасау мақсатында сынып ата- аналарымен “ Отбасы- жылулық ұясы” атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында отбасындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру туралы бейнероликтер көрсетілді, топтарда тәрбие жөнінде мәтіндер, жағдаяттар талданды, алдын - ала түсірілген отбасы туралы оқушылармен түсірілген сұрақ- жауап бейнероликтері көрсетілді. Ата- аналар берілген тапсырмаларды ұтқыр жауап беріп құнды ойларын жеткізе білді. Тренинг соңында ата- аналармен тренингте алған әсерлері жоғары екенін тілге тиек етті. Мектеп психологы: Олжабаева Н.Б.