«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» ата- аналар жиналысы
«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» 2023 жылдың 27 қазан күні Әмеди Хасенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту мақсатында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Ата-аналарға педагогикалық қолдау" бағдарламасы бойынша "Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу" тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.Сабақты іс шаралар жоспары аясында ата -аналармен "Бес саусақ" әдісі арқылы ата-аналарды 3топқа бөлді.
1топ Отбасы тобы.
2 топ "Мамандық тобы"
3 топ"Еңбек тобы"
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Ащы пияз"аңызы талдады.
"Еңбек тобы"Абай Құнанбайұлының "Сегіз аяқ" өлеңін талдады.
3 топ "Мамандық тобы" Қазіргі таңдағы балалардың бейімділігіне қарай мамандық таңдау туралы өз тәжірбиелерімен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар топта жұмыс жасай отырып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Кесте толтырды.
Жиналыс соңында ата-аналар "Баланың бас ұстазы-ата -ана "тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Рефлексия кезінде өздеріне ұнаған қызықты сәтті атап, келесі де осындай мақсаттағы сабақтар өз жалғасын тапса екен деген тілек білдірді.
Ұйымдастырушы: Тотенова Ж.Т.