«Түсіністікке үйренеміз мен сені түсінуге тырысамын» » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түсіністікке үйренеміз мен сені түсінуге тырысамын»
15
ноябрь
2023

«Түсіністікке үйренеміз мен сені түсінуге тырысамын»

Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта  білім беретін мектебінде «Түсіністікке үйренеміз мен сені түсінуге тырысамын» тақырыбында жүргізілген семинар - тренингтің анықтамасы


Мерзімі: 15 қараша 2023 жыл

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қатысқандар: 5-9 сынып ата аналары


Барысы:

5-9 сыныптардың әр сыныбынан 30 ата- ана қатысты.
 Сіздермен бас қосып пікір алысумыздағы мақсатымыз – ата-ана мен мектеп озара байланысты одан әрі жақсарту.  А
та аналар алдымен танысып алды. «Есімдер аллитерациясы» жаттығуы жүргізілді.

 «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»» тақырыбында әлеуметтік педагог Тотенова Ж.Т. баяндама оқыды. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылды.
    Мектеп инспекторы: Дәуренбеков Б «Тәртіп бұзу немесе қылмыс» тақырыбында құқықтық білім берілді. Заңды құрметтеуге, білуге дағдыландыру,оқушының тәртіп бұзғандағы жауапкершілігі немесе заңға тартылуы сөз болады.

 «Жанұя бақыты» атты тренингі  aта- аналармен « Бақытты жанұя» моделі құрылып, яғни, ата-аналар бірлесе отырып,  ата - аналар отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан- жағына отбасы бақыты сөздерін жазды, бақытты жанұя туралы өз ой-  пікірлерімен бөлісті. 

 «Диаграмма құрастыру» жаттығуы

 Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасы,құрылып өз балаларымен қанша уақыт бірге уақыт өткізетіндерін диаграмма арқылы көрсетті. 

«Тілек шамы» жаттығуын бір-бірлеріне  тілек айта отырып жүргізілді. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса айту ұсынылды. Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмыс қорытындыланды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив