25
февраль
2025
«Шәмші Қалдаяқов: қазақ өнерінің жарық жұлдызы» атты кітаптар көрмесі
Ә. Хасенов атындағы № 11 ЖОББМ кітапханасында Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шәмші Қалдаяқов: қазақ өнерінің жарық жұлдызы» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушыларды қазақ вальсінің королі, сазгер, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.