Іс-шаралар » Страница 30 » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сапта жүріп ән айту"
02
май
2023
"Сапта жүріп ән айту"
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 31жылдығына  байланысты,  аудан мектептері арасында өткізілген "Сапта жүріп ән айту"XXIII байқауында 60метрге жүгіруден қыздар арасында IIIорынды иеленген Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ 10сынып білім алушысы Айдар Балауса Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаеваның алғыс хатымен марапатталды  Құттықтаймыз.
"Сапта жүріп ән айту"
02
май
2023
"Сапта жүріп ән айту"
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 31жылдығына  байланысты,  аудан мектептері арасында өткізілген "Сапта жүріп ән айту"XXIII байқауына белсене қатысқаны үшін Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаеваның алғыс хатымен марапатталды  Құттықтаймыз .
«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кеші өтті
27
апрель
2023
«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кеші
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 27 жұлдызында мектебімізді бірнеше жыл бұрын білім нәрімен сусындаған түлектеріміз, қазіргі таңда ел игілігіне қызмет атқарып жүрген мектеп түлектері   Бүркітбаева Айман Жойқынбекқызы,Мырзақұлов Нұрбек Даукенұлы,Абдуллаев Ғалымжан Бейсенбайұлы, Аманбай Мейрлан Маратұлы    «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешіне қонаққа келді.  Кездесудің басты мақсаты – бітіруші түлектерге жас маман атанып,
"Бір ел-бір тағдыр"
27
апрель
2023
"Бір ел-бір тағдыр"
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ кітапханасында "Бір ел-бір тағдыр" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды  Мақсаты: Білім алушыларды елін, жерін,Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Отанымыздың ұлтжанды азаматы болуға және халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлап, құрметтей білуге үйрету.Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті бір тудың астына бірігіп, туған жердің тұғырын биік ұстауға, татулық пен бірлікте ынтымақтасып бірге өмір сүруге баулу.
"Атаның сөзі, ақылдың көзі"
27
апрель
2023
"Атаның сөзі, ақылдың көзі"
Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десек те бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Осы орайда Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде "Атаның сөзі, ақылдың көзі" тақырыбында аталармен кездесу өткізілді. Бейне жазба:  https://www.instagram.com/tv/CriMkbBgLf8/?igshid=MDJmNzVkMjY=
"Халықтар достығы-ел бірлігінің кепілі"
27
апрель
2023
"Халықтар достығы-ел бірлігінің кепілі"
1 мамыр елімізде Бірлік күні.  Әмеди Хасенов атындағы №11жалпы орта білім беретін мектебінде "Халықтар достығы-ел бірлігінің кепілі" тақырыбында 5-10 сынып білім алушылары арасында сурет көрмесі өткізіледі.  Көрменің мақсаты: Оқушыларды Отанын,елін сүйюге, халқын,басқа да ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
"Мен нашақорлыққа қарсымын"
18
апрель
2023
"Мен нашақорлыққа қарсымын"
Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ 1-30 сәуір аралығында нашақорлық пен мінез құлық ауруларының алдын-алуға арналған іс-шаралар жоспары барысында мектепішілік іс -шаралар жоспары шеңберінде 8-10сынып білім алушылар арасында "Мен нашақорлыққа қарсымын"тақырыбында шығарма байкауы өткізілді .Байкауға барлығы-15 білім алушы қатысып,үздік деп танылған жазба жұмыстары I.II.III дәрежелі мадақтама қағаздарымен марапатталды.
"Менің жан дүниемнің сұлулығы"
17
апрель
2023
"Менің жан дүниемнің сұлулығы"
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім  беретін  мектебінде білім  алушылардың психалогиялық  денсаулығын  нығайту  айлығының  барысында  2023 жылдың 17 сәуір  күні  әлеуметтік педагог Тотенова Ж.Т.  8-сынып білім алушыларымен «Менің жан дүниемнің сұлулығы» атты тренинг өтті. Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық  жоқ екендігін түсіндіре отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру; оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар
"Мамандықтар әлемін ашамыз"
17
апрель
2023
"Мамандықтар әлемін ашамыз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімі  "Мамандықтар әлемін ашамыз" форумының аудандық кезеңіне белсенділік танытып қатысқаны үшін  №11ЖОББМ білім алушысы  Ашымқұл Құралай Айдосқызына алғысымызды білдіреді ! Бейне жазба:  https://www.instagram.com/tv/CrIJrATKYGW/?igshid=MDJmNzVkMjY=