"Бала тәрбиесі" тақырыбында ата -аналарға психологиялық кеңестер берілді
«Ақпан айы - психологиялық кеңес беру!» атты психологиялық айлықтың аясында ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді.
2023 жылдың 8 ақпан күні Ә. Хасенов атындағы №11ЖОББ мектебінде мектеп психологы Мухамеджанова Жанерке Бағдатқызы 5-8 сынып білім алушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру бағытында жұмыстар жүргізді. Психологиялық кеңестің мақсаты: ата-аналарға, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, өзін-өзі құрметтеуге , өзгені сыйлауға, жағымды ахуал орнатуға, өзін түсінуге, өзгені тыңдау білуге кеңес беру. Психолог ата-аналарға «Қалай сыпайы сөйлесуге болады?» , «Өз-өзіңді қорғаудың 8 тәсілі», «Менмендікті қалай жеңуге болады?», «Көңіл-күйіңді көтеріп қуана біл» тақырыптарында психологиялық кеңестер жүргізілді.«Ақылды бала», «Балам жақсы болсын десеңіз», «Жасөспірім балаңызбен тіл табыса алмай жүрсіз бе?», «Өмірде шектеу жоқ» атты кітаптарды оқу ұсынылды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CorhvpWj7U5/?igshid=MDJmNzVkMjY=