07
февраль
2023
"Менің бақытты жанұям" буклеттер байқауы
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ақпан айы- психологиялық кеңес беру» айлығы аясында 2023 жылдың ақпан айының 07 күні "Менің бақытты жанұям" тақырыбында 1-4 сыныптар арасында буклеттер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасындағы тәрбие туралы білімдерін кеңейту. Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету. Сөздерді дұрыс айтуға, ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту,қонақжайлыққа үйрету,әдептілік ережелеріне баулу. Бейнелі ойлауын дамыту.Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту.
Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.