«Өмір баға жетпес сый!» тренинг
2023 жылдың 24 қаңтар күні 7 «А» сынып білім алушыларымен «Өмір баға жетпес сый!» тақырыбында тренинг өткізілді. Білім алушылармен «Өмір деген не?» «Өмір несімен қымбат?» т .б. сұрақтар қойып, ақпарат алмасты. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы өзіміз таңдаған, алға қойған мақсаттарымызға, ортамызға байланысты.
Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек. Қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.Олай болса, өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді сүйеміз, өзімізді танимын деп ойлаймын –деп тренинг өткізуге мектеп психологы Жанерке Мухамеджановаға сөз берілді. Мектеп психологы білім алушылармен «Танысу», «Өмірдің мәні неде?», «Топтас, ойлан, талқыла», «Ақиқат орындығы», «Ақ жүрек»т.б. тренингтерді жүргізіп, өмірдің гүлденуі өз қолдарында екендігін білім алушылардың өздеріне қорытынды жасата отырып, ой қорытты.
Тренинг барысында «Өмір-саған берілген сый! Өмір сүр! Бақытты сәттерге толтыр! Қуан шаттан! Айналаңа шуағыңды шаш! Сен ерекше тұлғасың! Сенің бойыңда баға жетпес құндылықтар бар! Сен өмірдің мәнісің! Өмір сенімен әдемі! Өміріңді бақытты сәттерге толтырғың келсе, күлімде, айналаңа жақсылық жаса! Әрқашан жақсы ой ойла!» деген дәйекті сөздермен тренинг өз мәресіне жетті. Тренинг өз мақсатына жетті.