«Электронды темекінің зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Ә. Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде 22.04.2024 ж. күні 8 - 10 сынып білім алушыларымен «Электронды темекінің зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Мақсаты: Электронды темекінің, жалпы темекінің және есірткінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, болашағымызға балта шаппай салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жат қылықтан аулақ болуға шақыру. Жастар арасында кеңінен таралып, қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған бұл өнімнің қаншалықты зиян екені көпшілікке мәлім болса да, оны қолдануларын әлі де тоқтата қоймады. Қоғам жастары есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде күнделікті өмірде кеңінен пайдалануда. Ғалымдардың пайымдауынша, электронды темекі кәдімгі темекіге қарағанда зияндылығы тұрғысынан аздау екендігі түсіндірілді.
Кәсіптік бағдар беруші: Килыбаева Г.Т.
Биология, химия пәндер мұғалімі: Джумагулова Б.О.