16
февраль
2024
Дәстүр және дін
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың қаңтар айының 26-күні « Дәстүр және дін» тақырыптарында 9 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиіс мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатырған түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесе отырып, діни наным сенімін, олардың пайда, зияны туралы өмірден нақты мысалдар келтіріп, білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушы: ДҚЖО: Сексенбаев А, тарих пәнінің мұғалімі: Ақбаева Қ.