20
февраль
2024
«Кибербуллингпен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы»
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың ақпан айының 20-күні «Кибербуллингпен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыптарында 5-7 сынып білім алушылары дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушылары зардап шегетіні туралы оқушыларға мәлімет берілді. Ұйымдастырушылар мектеп психологтары: Мухамеджанова Ж,Олжабаева Н.