27
февраль
2023
“Құпия дос”
"Ақпан айы -психологиялық кеңес беру" айлығының барысында Педагогикалық ұжыммен 16-22 ақпан күндері аралығында “Құпия дос” психологиялық акциясы өткізілді. “Құпия дос” ойынның басты мақсаты – бір-бірімізге қуаныш сыйлау, достық қарым-қатынасты нығайту. Алдымен ойынға қатысушылардың есімдері жазылған жеребе тарқатылды. Сол жеребе бойынша түскен адамға, яғни өзіңіздің құпия досыңызға күн сайын сыйлықтарды, көмектерді жасырын құпия түрде жасау керек. Мейлі ол хат болсын, ол қолдан жасалған зат болсын, ол көмек болсын, жылы сөз бен тілек болсын,титтей болса да қуаныш сыйласа болғаны. Бір қызығы сіздің кімге сый жасап жүргеніңізді ешкім біліп қалмауы тиіс. Әріптестер психологиялық акцияға өте белсенді қатысты.