көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің кезекті әдістеме бірлестік отырысы өткізілді.
Ә. Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінің көркем еңбек, музыка пән бірлестік мұғалімдерінің қатысуымен 27 наурыз 2024 ж күні кезекті әдістеме бірлестік отырысы өткізілді. Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Жилкибаева Ж.К. III тоқсан қорытындысын талдады, яғни пән мұғалімдерінің оқушыларының жетістіктері туралы айтылды. Атап айтсақ , музыка пән мұғалімі Жилкибаева Ж.К. Аудандық талантты орындаушыларды іздеу , жас әншілерді қолдау , қатыстырушылардың орындау мәдениетінің шеберлігін арттыру , жастардың одан әрі шығармашылық өсуі мен өзін-өзі көрсетуі үшін жағдайлар жасап, мүмкіндігін арттыру мақсатында Меркі ауданы білім бөлімінің оқушылар «Үміт» сарайының ұйымдастырумен «Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған әндерді орындаушылар байқауы» атты ән байқауында 8 «А» сынып білім алушысы Амантай Айым III орын , 4 «Ә» сынып білім алушысы Сағымқұл Ақерке Алғыс хат иеленді. Қазіргі танда мектеп бойынша «Жас техник», «Бояулар сыры», «Жас қанат» үйірмелері жұмыс жасап жатыр. «Бояулар сыры» үйірмесінің оқушылары аудан көлеміндегі іс-шараларға белсене қатысып, нәтижелі жұмыстың бар екенін дәлелдеді. IYтоқсанға аудандық, обылыстық, республикалық іс-шараларға қатысу міндеті қойылды.