04
январь
2024
Көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің ІІ тоқсан қорытындысы бойынша бірлестік отырысы өтті
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінің көркем еңбек, музыка пән бірлестік мұғалімдерінің қатысуымен 4.01.2024 ж күні кезекті әдістеме бірлестік отырысы өткізілді.Әдістеме жетекшісі Жилкибаева Ж.К. II –тоқсан қорытындысымен таныстырып өтті. Атап айтсақ , көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айтбаев С.С. 1-4 сыныптар аралығында «Күндей күлген анамның,баласы болып қаламын!» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырып, жүлделі орын алған сыныптар арнайы мадақтама қағазымен марапатталды. Музыка пән мұғалімі Жилкибаева Ж.К. Аудандық талантты орындаушыларды іздеу, жас әншілерді қолдау , қатыстырушылардың орындау мәдениетінің шеберлігін арттыру , жастардың одан әрі шығармашылық өсуі мен өзін-өзі көрсетуі үшін жағдайлар жасап, мүмкіндігін арттыру мақсатында Меркі ауданы білім бөлімінің оқушылар «Үміт» сарайының ұйымдастырумен «Dauys junior» ән байқауында 8 «А» сынып білім алушылары Амантай Айым, Турарова Алуа I орын жүлдесін иеленді . Қазіргі танда мектеп бойынша «Жас техник», «Бояулар сыры», «Жас қанат»үйірмелері жұмыс жасап жатыр. «Бояулар сыры» үйірмесінің оқушылары аудан көлеміндегі іс-шараларға белсене қатысып, нәтижелі жұмыстың бар екенін дәлелдеді. III –тоқсанға аудандық, обылыстық, республикалық іс-шараларға қатысу міндеті қойылды.