ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП! тақырыбында тренинг өтті. » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП! тақырыбында тренинг өтті.
03
октябрь
2023

ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП! тақырыбында тренинг өтті.

📚 ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП!
Педагог мәртебесін педагог өзі көтереді!!!

   Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін  мектебінде мектеп директоры Сейтказиев Рахат Зауытұлы  ұжымымен кездесу өткізді

✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты жалғастыруды тапсырған болатын. 

✅Аталған құжаттың маңызды ережелерінің бірі – педагогті міндетіне жатпайтын функцияларға тартудан қорғау, орынсыз есептіліктен босату. Министрліктің осыған қатысты қатаң ұстанымдарына қарамастан заң бұзушылықтарда орын алып жатады. 
Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады. Заңсыздыққа жол берген жауапты тұлғаларға қатысты шаралар мұнымен шектелмейді. Әкімшілік жазалардан бөлек, жұмыстан босату туралы шешімдер де қабылданады. 

✅Мұғалімдердің құқығын қорғау – жергілікті аумақтық орган басшыларының да, мектеп директорларының да тікелей міндеті. 

📚📚📚Педагогтердің құқықтарын қорғау туралы айтқанда, мұғалімдер өз міндеттерін адал орындау туралы да есте сақтауы қажет. Өйткені жаңа Заңның талаптары да жаңа.

‼️‼️‼️Педагогикалық қызметпен айналысатын әрбір жан жас ұрпаққа үлгі болып, өз жұмысында адамгершілік қағидалары мен моральдық құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс. 
Мінез-құлық мәдениеті, әдептілік, адалдық, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – педагогикалық этиканың негізі.

Осы қағидалардың сақталуын бақылау үшін біз мұғалімдерге қатысты құқықбұзушылықтар мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу туралы даулы мәселелерді қарастыратын арнайы алқалы орган құрылған.Бұл – педагогикалық этика және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жұмыс атқарады. 

✅Әр мұғалім өзінің мәртебесін мақтан тұтуы керек. Ыңғайлы жағдайда жұмыс істеп, сапалы білім беруі керек. 
Өйткені біздің балаларымыздың әл-ауқаты мен білімі ұстаздардың қолында.

«Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын - ұстаздікі» - дегендей осы тарапта алдымызда әлі де біраз жұмыс бар екені белгілі.
 
   ✅Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, түрлі сылтаумен ақша жинауды болдырмау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сондай ақ білім беру мекемелерінің ұжымы өздерін толғандырып жүрген сұрақтары қойылып, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті жауаптар берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив