«Педагог» кәсіптік стандартымен таныстыру
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы
Оқу ағарту министрлігі әзірлеген «Педагог» кәсіптік стандартымен таныстыру мақсатында педагогтер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кәсіби стандарттың ең негізгі ұстанымы кәсіптік дайындықтан және мамандыққа кірісуден бастап педагогикалық шеберлікке дейінгі құзіреттілікті сипаттау мақсатында педагог бүгінгі таңдағы өзгерістерге жауап бере алатын жаңа форматтағы педагогтардың кәсіби деңгейін қалыптастырады.
Педагогтің кәсіптік құзіреттілігінің шеңбері мен көрсеткіштері, кәсіби стандарттың мазмұны жаңа буын ұстазына оқытудың білім беру бағдарламаларының негіздерін, педагогтің біліктілік арттыру және үздіксіз кәсіби мүмкіндіктерін айқындауға, сонымен қатар педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзіреттерді дамыта отырып, өзінің кәсіптік өсуін басқару, кәсіптік дамуда әріптестерін қолдау, кәсіби стандартты ескере отырып білім беру бағдарламалары, сертификаттау, аттестаттау, үздіксіз біліктілікті арттырудың, педагогикалық кадрлардың қызметтері туралы, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Калмаханбетова Эльмира Жахановна кеңінен жан-жақты түсіндірді.