Жұмысқа қабылдау
Жұмысқа қабылдау
2024 жылдың 12 қаңтар күні Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес бос уақытша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос уақытша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына Хамитова Аяулым Торегазыкызы 29 желтоқсан күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос уақытша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер Хамитова Аяулым Торегазыкызы 10,5 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес Хамитова Аяулым Торегазыкызы бос уақытша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры Р.З. Сейтказиевке ұсыныс берілді.