Жұмысқа қабылдау
Жұмысқа қабылдау
2023 жылдың 15 желтоқсан күні Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес бос уақытша математика пәнінің мұғалімі лауазымға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос уақытша математика пәнінің мұғалімі лауазымына Өтебаева Жания Нұржанқызы 02 желтоқсан күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос уақытша математика пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер Өтебаева Жания Нұржанқызы 8 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес Өтебаева Жания Нұржанқызы бос уақытша математика пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры Р.З. Сейтказиевке ұсыныс берілді.