"Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллектінің тиімділігі"
2025 жылдың 5 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерімен "Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллектінің тиімділігі" атты тақырыбында әдістемелік отырыс өткізілді. Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін талқылау, пән мұғалімдеріне жасанды интеллектіні тиімді пайдалану жолдарын үйрету, жасанды интеллектінің оқу процесіне қалай ықпал ететінін көрсету.