19
март
2025
«Оқуға құштар мектеп»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Наурыз мерекесі қарсаңында «Елдігімнің айнасы, салт-дәстүрім» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Білім алушыларға өз халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық өнерімізді, ойындарымызды, ұлттық киімдер мен ұлттық әшекейлерімізді таныстырып, олар туралы толық мағлұмат берілді. Білім алушылар өздеріне таныс халқымыздың салт- дәстүрлері туралы білгендерін ортаға салды. Көрмені тамашалап, қызығушылық танытты.