« Кел, балалар оқылық!
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобалары аясында 2-сынып білім алушыларымен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Кітапханашы мен сынып жетекшісі білім алушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы түсіндірді. Кітапхана ережелерімен таныстырды.