20
ноябрь
2024
«Менің жан дүниемнің сұлулығы» атты тренинг өткізілді
«Менің жан дүниемнің сұлулығы» атты тренинг өткізілді
Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру; оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беріп, көзқарастарын қалыптастырып, өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.Қатысқындар: 7-8 сынып оқушылары
Қолданылған әдістер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, үлестірмелі қағаздар, сенім жәшігі
Барысы: оқушылар арасында жақын қарым-қатынас орнату, ішкі шаршауды басу мақсатында «Атомдар мен молекулалар» тақырыбында жаттығу жүргізілді. Сонымен қатар, түрлі белгілері бойынша топқа бірігу ұсынылды. Сан бойынша біріккен топтарға бөлінді.
«Менің ерке есімім» жаттығу топ жүйесінде жүргізілді. Қатысушылар өзінің ата-анасы, құрбы құрдастары немесе т.б. туыс — таныстарының оның еркелетіп атайтын есімдерін айтып, берілген бейджикке жазды. Тренинг бойы сол есіммен бір бірлерін атады.
«Оның есесіне мен…» жаттығуы барысында барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылды. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтады.
«Болашақтағы МЕН» жаттығуында қатысушыларға «менің қолымнан келеді» бейнеролигі көрсетілді. Осы ролик төңірегінде болашаққа хат жазу ұсынылды.
«Өмірге бағыт» байқаутесті жүргізіліп, оқушыларға ұлы адамдар суреттері берілді. Балалар осы кісілер туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімеледі.
«Есіміңді бейнеле» суретті жаттығуы
Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі – түсті қалам мен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылды. Нәтижесінде ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінді. қоштасуға май шамдыалған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыза шық, жарқын болсын деген тілекпен тренинг ақталды.
Нәтижесінде: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру; оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беріп, көзқарастарын қалыптастырып, өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару, рухани бай тұлға болып қалыптасуы үшін психологиялық кеңестер берілді. Оқушылардың көңіл күйі көтеріліп, болашаққа деген көзқарастары өзгеріп, өмірде ең басты нәрсе не? жан дүниенің сұлулығы деген ұғымның мәнін аша білді.