«Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
2024 жылдың 12 сәуір күні өткізілген «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбындағы құқық қорғау органдары мамандарымен, Дәуренбеков Б. мектеп инспекторымен кездесу ұйымдастырылды.
Қатысқандар: 8-11 сынып білім алушылары
Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты – жаңа Қазақстандағы жастардың заң талаптарын бұзбауы мәселелері, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыс және қылмыстық теріс қылық туралы түсінік беру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, қылмыстық құқықбұзушылық фактілеріне жол бермеу қағидаттарын бұлжытпай орындауға патриоттық рухтарын ояту, сонымен қатар өздерінің біліміне және болашағына деген жауапкершілікті ынталандыруға насихаттау болып табылды.
Кездесу барысында жастарға қазіргі уақытта оқушылардың арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді. Заңды барлық мемлекеттік қызметкерлер де сақтауы керек және біздің мемлекетіміздің азаматтары да заңға бағынуы керек. Заң бәрімізге ортақ.