Заңды білу-заман талабы!
Заңды білу-заман талабы!
Әмеди Хасенов атындағы.№11ЖОББМ 8-11 сынып білім алушыларымен арасында "Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға құқықтық білім бере отырып, кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстық құқықбұзушылық санын азайту, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, білім алушыларға заң талаптарын түсіндіру.
Жиналыс барысында білім алушыларға өздерінің және өзгенің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбы
лыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтік жағдайлардың алдын алу,денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, тонау, қарақшылық, бопсалау, ауырлатылған бұзақылық, жеке мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы нақты түсіндірілді. 127-ші әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның немесе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына, оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға ұйымдастырушылар туралы айтылды.