әмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы туралы
Әмеди Хасенов атындағы №11жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Меркі АІІБ-нің ЖПҚБ Учаскелік полиция инспекторы Едилов Е. А директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конырбаева М. А 9-11білім алушыларымен «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы туралы» және «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыптарында дәріс оқыды. Дәріс барысында Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сай, қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінетінін және әсіресе, жасөспірімдердің түнгі уақытта беймезгіл жүруі туралы қатаң ескертіп айтты. Кәмелетке жасы толмаған балаларды тәрбиелеудегі және өз міндеттерін атқармай жүрген ата-аналарға ӘҚБК 111 баптарына сәйкес ата-аналардың әкімшілік жазаға тартылатындығын айтып түсіндірді.
Жасөспірімдерге бос уақыттарында кітапхана, театр, көрме, спорттық үйірмелерге қатысып, уақыттарын тиімді пайдалану керектігін айтып өтті.
Кешкі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-ананың қадағалауынсыз жасөспірімдерге жалғыз жүруге болмайтындығын ескертті.