Бракераж комиссия мүшелерінің тексеруі
Ә.Хасенов атындағы № 11 жалпы орта білім беретін мектебі
Қыркүйек айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы
Анықтама
Мектепте 2021-2022оқу жылында 430 білім алушымен басталды. Сондай –ақ әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы төмен , мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан 29 білім алушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Қазіргі таңда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысы негізінде «2021 – 2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын – алу жөніндегі санитариялық – эпидемияға қарсы және санитариялық – профилактиалық іс – шараларды жүргізу туралы» қағидасына сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Сондай - ақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауға бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдап және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар.
Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комиссия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай , ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын күнделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай күнделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркелген. Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұр. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады.
Бракераж комиссия мүшелері тағам дайын болған соң 15 – 20 минуттан кейін, оқушылар тамақтанбастан 30 минут бұрын алынады. Бір порциялық тағам арнайы арналған кұтыларға 1 тәулікке алынады. Тағам сапалы дайындалуын, (дәмі, түсі, иісі, қою, қоймалжын, сұйық) талапқа сай дайындалуын бақылап отырды. Сонымен қатар медбике бракераж журналына тіркеп отырды. Журналда тағамның атауы, дайындалған уақыты, бракераж жүргізілген уақыты, бағалау нәтижесі көрсетіледі.
Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылады. Асханада қол жуатын қолжуғыш, сабын,қол сүртетін қолсүлгі үнемі қолданыста тұрады. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.
Әлеуметтік педагог: Ж.Тотенова