2024 жылдың 15 қазан күні «Тамақтану сапасы бойынша ата-аналар мен білім алушылардан» сауалнама алынды.
2024 жылдың 15 қазан күні «Тамақтану сапасы бойынша ата-аналар мен білім алушылардан» сауалнама алынды.
Мақсаты:Ата-аналар мен білім алушыларға ұсынылған сауалнама арқылы жалпы асхана қызметіне көзқарасын анықтау болды.
Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Конырбаева. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы- мектеп директоры Р.Сейтказиев , медбике-М.Дилдабек және әлеуметтік педагог Ж.Тотенова бірнеше ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.
Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. Сауалнама қазақ тілінде алынды. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді. Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.